● Жыл басынан өңдеу өнеркәсiбiнде 35 млрд. теңгенiң жобаларын несиелеу мақұлданды. Олар 116 жобаны құрайды. Бұл туралы мәлімдеген Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев қазірге дейін 56 жобаның 6,6 млрд. теңге қаржы алғанын да айтты. ● Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жыл басынан бері 31,1 млрд. долларға жетті. Импорттың қысқаруы мен экспорттың өсуі нәтижесінде ағымдағы операциялар шотының профициті өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда, 2,5 есеге өсіп, 5,5 млрд. долларды құраған. ● Астана күнін атап өтуге шамамен 700 млн. теңге бөлінді. Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловтың айтуынша, жыл сайын бұл шығынның көлемі қысқарып келеді. ● Алматыда 5 айда негізгі капиталға 146 млрд. теңге инвестиция салынды. Оңтүстік мегаполистің кәсіпорындары мен ұйымдары игерген инвестиция үлесі республикалық көлемнің 7,9 пайызы болады. ● Қызылордада «Алтын белгі» иегерлері марапатталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдеген 94 түлекке облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Алтын белгіні» салтанатты түрде табыстады. Ол сонымен қатар, барлық өрендерге арнайы төсбелгі тағып, ноутбук сыйлады. ● Шығыс Қазақстан облысында өткен бес айдың қорытындысы шығарылды. Оның қорытындысына арналған жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша ілгерілеу орын алғанын атап өтті. Тек тау-кен өнеркәсібінде ғана артта қалушылық кездесті. Сол сияқты Семей қаласы мен Глубокое ауданында назар аударатын тұстар бар. Осыған орай аймақ басшысы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. ● Оңтүстіктің Сарыағаш ауданында банан өсіп, киви гүлдеді. Жергілікті шаруалар жергілікті ауа райында тропикалық аймақтарда ғана кездесетін өсімдіктерді өсіре бастады. Аудан тұқымбағындағы киви, банан, анар, құрма, лимон секілді өскіндер бұл жерді жерсінгенін байқатты. ● Қостанайдың Затоболында кондитерлік фабрика салынып жатыр. Облыстың Қостанай ауданында бой көтерген бұл нысан осы жылдың қараша айында іске қосылады. Онда нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер дайындалады. Хабарлар BNews.kz, Аltaynews.kz, Аlau.kz, Egemen.kz агенттіктері, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстық әкімдіктері сайттарының деректері бойынша дайындалды.
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26