
Оқиға 24 ақпанда Талдықорғаннан шыға берісте Алматы-Өскемен автожолының 273 шақырымында болған. 69 жастағы УАЗ Patriot жүргізушісі «Жол беріңіз» белгісін елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан.
«Жол талғамайтын көлік салонында бес адам болды, олардың төртеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жол апатын тергеу ҚР ҚК 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.