Әлем • 27 Ақпан, 2023

Италия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италия жағалауындағы Кротоне қаласына жақын жерде қатты дауыл салдарынан қайық сынып, 59 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News сайтына сілтеме жасап.

Италия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, марқұмдардың денесі жағаға шығарылған. Құтқару жұмыстарына жағалау күзетінің кемелері, шекара полициясы мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Италияның өрт сөндіру және құтқару қызметі мигранттар мінген қайықтың Кротоне провинциясындағы Стеккато ди Кутро маңында суға батып кеткенін, 40-қа жуық адам аман қалғанын хабарлады. Ведомство құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Сондай-ақ теңіз жағасындағы демалыс орнында жағаға 30-ға жуық мәйіттің шығып қалғаны, судан тағы үш мәйіт табылғаны және қаза тапқандар арасында бала бар екені хабарланды. Басылымның хабарлауынша, Иран, Пәкістан және Ауғанстаннан келген мигранттар мінген қайық дауыл кезінде жартасқа соғылған. 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше