Аймақтар • 27 Ақпан, 2023

Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ жойылды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ жойылды

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің хабарлауынша, полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілген іс-шара барысында бес ер адам ұсталды. Олардың барлығы да Жамбыл облысы Шу ауданының тумалары.

– Күдіктілер қаланың әр жерінде ұсталды. Мәселен, Қалқаман шағын ауданында 46 жастағы А. есімді азамат құрықталды. Рұқсат етілген тінту кезінде одан сығымдалған гашиш заты салынған төрт бума, 1 млн 150 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша және ІІО зейнеткерінің жалған куәлігі табылды және тәркіленді. Ал күдіктінің үйінен жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткі заты салынған 7 полиэтилен бума мен металл таразылар табылды. Дәл сондай жалған құжат топтың тағы бір мүшесінен – 40 жастағы О. есімді азаматтан тәркіленді. Арнайы іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 34 келіге жуық гашиш шығарылды. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

 

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025