Қоғам • 28 Ақпан, 2023

LRT-ға 50 миллиард теңге бөлінеді

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марат Қарабаев LRT құрылысына 50 млрд теңге бөлінгенін, қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алуға жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT-ға 50 миллиард теңге бөлінеді

«LRT құрылысы бітеді. Биыл да оған қаржы қарастырылған. Қателеспесем, биыл біз LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлеміз. Бұл құрылыс жайын қала әкімдігімен талқыладық. Жұмыс алдымен әуежай жақтан басталады.  Қаражаттың бір бөлігі вагондар сатып алуға жұмсалады», деді Марат Қарабаев.

Ол қаражат республикалық бюджет комиссиясының отырысында берілгенін хабарлады.

«Өздеріңіз білетіндей, бірінші, Парламентте қол қойылуы керек. Менің ойымша, сәуір айына дейін біз әкімдікке қаражат аударамыз», деп түйіндеді министр.

Еске сала кейтейік, бұған дейін Астана қаласының бұрыңғы әкімі Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов LRT-ға тұрақты қаржы бөлініп отырса, құрылыс екі жылда аяқталуы мүмкін деген еді.