
Бес жылдан бері аталған білім ордасы есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатымен ынтымақтастықта. NIS оқушылары апта сайын келіп, оларға ағылшын тілін үйретеді.
– 2019 жылы мектеп-интернат пен NIS арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандум аясында «Жүректен жүрекке» қоғамға қызмет көрсетудің әлеуметтік жобасы жұмыс істейді. Аптасына бір рет біздің еріктілер әр түрлі жастағы төрт топқа сабақ береді, – дейді педагог-куратор Әйгерім Еркінбаева.
«Жақсылық жасауға ұмтыл» – NIS-тегі әр оқушының ұраны. Осы күнге дейін оннан астам қоғамға қызмет ету жобалары өз нәтижесін көрсетіп келеді. Бұл жобалардың өзектілігі мен құндылығы баршаға түсінікті.
– «Мен үшін әлеуметтік жобалардың маңызы зор. Өйткені волонтерлік бағыт оқушылардың бойында адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге немесе қоғамның назарын өткір әлеуметтік мәселелерге аударуға септігін тигізері сөзсіз, – дейді 11-сынып оқушысы Томирис Қасымова.
Құндылықтың жарқын мысалы ретінде қоғамға қызмет етудің алғашқы тәжірибесін мектеп жылдарында алған түлектер қазір де университет қабырғасында ерікті қызметін жалғастыруда.
Жетісу облысы