Мәдениет • 28 Наурыз, 2023

Сингапурда Наурыз тойланды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті қазақ диаспорасы Сингапур орталығында Наурыз мейрамына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сингапурда Наурыз тойланды

Наурыз мерекесіне Қазақстан Елшілігі мен Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңесінің шақыруымен  Сингапурда тұратын Қазақстан азаматтары, студенттер, арнайы өкілдер қатысты. Жалпы 200-ден астам қонақ жиналды. Іс-шарада Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли Бахарудин құттықтау сөз сөйледі.

Айта кетсек, Сингапурда Наурыз ұзаққа созылған коронавирус пандемиясынан кейін алғаш рет тойланып отыр.

Мерекенің басты элементі дәстүрлі қазақ киіз үйі болды. Киіз үй қолөнершілердің туындыларымен безендірілген.

Мерекеде үздік костюм мен үздік балалар суреті байқаулары өткізілді, онда барлық қатысушылардың дарыны мен ынта-жігері бағаланды.

Наурыз меркесі Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдық мерейтойымен қатар өтті. Айтулы күнге орай іс-шара аясында арнайы фотокөрме де ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше