Әлем • 28 Мамыр, 2023

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды

3882 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәліптер мен ирандық әскерилер Ислам Республикасының Ауғанстанмен шекарасында оқ атысты. Салдарынан сарбаздар қаза тапты, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды

Қақтығыс суға таластан болған. Оқты кім бірінші атқаны белгісіз. Қос тарап бірін-бірі айыптап отыр.

Оқиғадан кейін Иранның Белуджистан мен Ауғанстанның Нимроз аймағында орналасқан ірі шекара бекеті жабылды.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Нафи Такор Иран тарапы бірінші болып оқ жаудырды деп айыптады.

Такор атыс кезінде екі елден екі адам қаза тапқанын айтты.

«Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі (Ауғанстан) көршілерімен соғысқысы келмейді», деді баспасөз хатшысы.

Кейін IRNA агенттігі екі ирандық шекарашының қаза тапқанын және екі ирандық бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:52

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35