Теннис • 07 Тамыз, 2023

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төртінші орынға сырғыды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орынға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төртінші орынға сырғыды

Өткен аптада Вашингтон WTA 500 жарысының жартылай финалына дейін жеткен америкалық Джессика Пегула 5 480 ұпай жинап, үшінші сатыға көтерілді.

Қазір Е.Рыбакинаның арсеналында 5 465 ұпай бар.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 60-тан 61-ге төмендеді.

Айта кетсек, Елена Рыбакина 8 тамызға қараған түні басталатын Монреаль мастерс турнирінде сәтті өнер көрсетсе, үздік үштікке қайта енуі мүмкін. Онда әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенкодан бастап Джессика Пегула да алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше