Үкімет • 11 Тамыз, 2023

Ауқымды жобаны бақылау үшін салааралық интеграция құрылады

174 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ауқымды жоба пулына енген аграрлық жобаларды бөлу мен іске асырудың тиімділігін (СҚО-ның сүт тауарлары фермаларын салуға қолжетімді несие беру бойынша тәжірибесін енгізу) Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП, жобаға қатысушы әкімдіктер бақылап, бірлесіп жүргізбек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте келісілді, деп хабарлайды  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды жобаны бақылау үшін салааралық интеграция құрылады

Ауқымды жоба – бұл сүт тауарлары фермаларын (МТФ) салу үшін 10 жылға жылдық 2,5% жеңілдікпен несие түрінде берілетін мемлекеттік қолдау, 2023 жылы бұл сома 100 млрд теңгені құрайды. Жобаның міндеті – бүгінгі таңда импорт үлесі жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру арқылы елдің сұранысын жабу. Жоба бірнеше жылға есептелген. Жем-шөп және өндірістік базасы жетілген, жобаларды қоса қаржыландыру үшін жеткілікті қаражаты және жақсы практикалық тәжірибесі бар ірі шаруашылықтар ғана жеңілдікпен несие алуға үміткер бола алады. Соңғы көрсеткіш аса маңызды, өйткені бюджет қаражаты негізінен жұмыс істеп тұрған сүт тауарлары фермаларын кеңейтуге немесе жаңғыртуға көзделген. 11 өңірдегі әкімдіктер осы талаптарға жауап беретін 67 жобадан тұратын пулды алдын ала айқындады. Оның 35-і жұмыс істеп тұрған сүт тауарлары фермаларын кеңейтуге, 32-сі жаңадан салуға арналған.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин кеңес кезінде жақын арада Ауқымды жоба бойынша несие беру ережелері қабылданатынын атап өтті. Әкімдіктер жобаларды қаржыландыру үшін сенімді агенттерді анықтауы қажет. Кеңесте үлкен жобаға қатысушы барлық өңір тыңдалды, АШМ мен Аграрлық несие корпорациясы жүргізген әрбір болашақ жобаны талдау нәтижелерін қарады. СТФ құрылысына жеңілдікпен несие беруді АНК да жүргізеді. Осы жылы корпорацияға 16 жоба бойынша өтінім берілді. Оның бесеуі Ауқымды жоба аясында әкімдіктер тізбесімен қайталанады. 

Мысалы, Ақмола облысындағы екі жоба Ауқымды жоба бойынша және АНК-дан түрлі кезеңдерді іске асыруға жеңілдікпен қаржыландыру сұрап отыр. Алайда әр түрлі қаржы институттары арасында бір жобаның бөлінуі мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің әділетсіздігіне әкеледі. Қайталанатын жобалардың өтінімдері АНК-да құжаттарды жинау сатысында тұрғанын ескере отырып, оларды тек Ауқымды жоба аясында қарауға қалдыру туралы шешім қабылданды. Ал АНК-ның артылған сомасын аз қаржы бөлінген басқа өңірлердегі жобаларға бағыттау керек деп шешілді.

Серік Жұманғарин Ауқымды жоба бойынша бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін бақылау үшін әкімдіктер алдына міндет қойды. Ол үшін болашақ жобалар пулын бекіту алдында өтінім берушілердің «Атамекен» ҰКП арқылы бизнес-тұрақтылығы тексеріледі. 

Өз тарапынан «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов жобалардың іске асырылуын бақылау бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер арасында интеграция құруды ұсынды.

«Қазір бізде инвестициялық жобаларды мониторингтен өткізу жүйесі жақсы құрылған. Кез келген уақытта инвестициялық жобаларды іске асыру барысын көрсететін ақпарат жүйесі бар, олардың негізгі көрсеткіштері дашбордқа шығарылған Жүйеде кәсіпкердің өз жобасы бойынша деректер жүктейтін инвестор кабинеті бар. Әкімдік, АШМ және басқа да қатысушыларға, мемлекеттік органдарға жүйеге кіруге рұқсат бере аламыз. Бұл объективті ақпарат арнасы болмақ», деді ол.

Вице-премьер бұл бастаманы қолдап, ҰКП-ға АШМ-мен бірлесіп, Ауқымды жоба аясында жобалар пулының іске асырылуын бақылау үшін Ұлттық палата базасында осы ақпарат жүйесі негізінде инвестициялар жөніндегі басқарушы комитет құруды тапсырды. Бұдан басқа басқарушы комитеттің алаңында келесі жылға жеңілдікпен несие беру үшін пулға кіретін жобаларды іріктеу жүргізілетін болады. Қазір Ауқымды жобаның келесі кезеңін іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2024 жылға 100 млрд теңге бөлу бойынша жұмыс жүргізілуде – ол құс фабрикаларын, климатын бақылауға болатын көкөніс қоймаларын салу және кеңейту, суару жөніндегі жобалар. Осы жобалардың барлығы негізгі азық-түлік өнімдері бойынша елдің импортқа тәуелділігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

«Ауқымды жобаға енген әрбір жоба бойынша ақшаны пайдалануды толыққанды бақылауды қамтамасыз ету қажет. Айына бір рет жиналып, оларды іске асыру барысын қарастырамыз. Маған тек 100% нәтиже керек. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ға отандық өндірушілерді СТФ құрылысына барынша тартуды ұсынамын», деп қорытындылады Серік Жұманғарин.