Оқиға • Бүгін, 15:50

Алматыда жолаушылар мінген автобус аялдамаға соғылған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қазан күні шамамен сағат 12:35-те Алматының Жетісу ауданындағы барахолка маңында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда автобустың аялдамаға соғылған сәті көрініс тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жолаушылар мінген автобус аялдамаға соғылған

Фото: Ашық дереккөз

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі солтүстік айналым көшесімен келе жатып, көлікті басқаруға ие бола алмаған, Нәтижесінде автобус бордюрге соғылып, кейін аялдамаға кіріп кеткен. Сол мезетте аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып өткен.

Жол апаты кезінде аялдамадағы адам мен автобустың бір жолаушысы түрлі жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.