 
                                        «Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – мемлекеттіліктің негізі және Отанымыздың Тәуелсіздігінің сенімді кепілі. Қазақстан Конституцияның мызғымас нормаларына сүйене отырып, азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадамдарды жүйелі түрде жүзеге асырып, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.
Барша қазақстандыққа амандық пен береке, еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін!», делінген құттықтауда.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                