Аймақтар • 03 Қараша, 2023

Күйеуі өлтіруі мүмкін: Қостанай облысында әйелдің мәйіті табылды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлі-зайыптылардың екеуі де полиция қызметкері. Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер мәйітті 1 қараша күні таңертең осы отбасы иұратын үйдің ауласынан тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күйеуі өлтіруі мүмкін: Қостанай облысында әйелдің мәйіті табылды

Сондай-ақ, олардың отбасылық қарым-қатынастар жақсы болмағаны анықталды. Ерлі-зайыптылар ажырасу рәсімін күтіп жүрген.

– Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлады ведомстводан.

Екі бала анасыз қалды. Қылмыстық тергеуді Ішкі істер министрлігі өз қолына алды.

Басқа мәліметтер тергеу жұмыстарына байланысты жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше