Оқиға • Бүгін, 19:20

Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғыны хайуанаттар бағында тәртіп бұзып, арыстанның қоршауына тасқа ұқсас зат лақтырғаны үшін жауапқа тартылды. Оқиғаның бейнежазбасы  әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды

фото: әлеуметтік желіден

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген. Нәтижесінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі хайуанаттар бағында тағы бір келуші түйеқұсқа шабуыл жасаған. Бұл жағдай да қоғамда үлкен сынға ұшыраған.

Соңғы жаңалықтар