Алматы • 09 Желтоқсан, 2023

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімшілік полициясы науқан аясында 25 мың 500-ден астам шетелдік автокөлікті заңдастырғанын almaty_police_department инстаграм арнасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр

Фото: Видеоскрин, almaty_police_department

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді мемлекеттік тіркеу жүргізіліп жатыр.
Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасы Процессинг орталығының мәліметінше, науқан басталғалы барлығы 25 мың 570 шетелдік автокөлік тіркелсе, оның 8 мың 727-сі оң рульді.
Қала полициясы осы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көліктерді заңдастыру туралы берілген өтініштер тек биылғы 31 желтоқсанға дейін қаралатынын еске салды.
Уақыттың шектеулілігін ескерте отырып, полиция көлік иелерін заңдастыру рәсімін аяқтап, көлік құралдарын тіркеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар