Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023

«Хабар» телеарнасына жаңа директор тағайындалды

1232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Балтабайұлы «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы  «Хабар Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хабар» телеарнасына жаңа директор тағайындалды

Арман Сейітмамыт - әр жылдары «Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, «24KZ» арнасының шеф-редакторы, директоры, бас продюсері, «EL ARNA» телеарнасының директоры болып қызмет атқарған.

«Еңбек жолын «Хабар» Агенттігінде 1997 жылы тілшіліктен бастап, тележүргізуші, редактор сияқты шығармашылық сатылардан өтті. Әр жылдары агенттіктің құрамына кіретін «EL ARNA» және «Хабар 24» телеарналарының директоры қызметін абыроймен атқарды. Сонымен қатар интернет жобалар саласында да еңбек етіп, тәжірибе жинақтады. Агенттіктің жауапты қызметтеріне өз ішімізде жетілген, саланы жақсы білетін, ұжымға сыйлы, білікті маманды қоюға басымдық беріледі. Бұл тәжірибе мен жаңашылдықты тиімді үйлестіре отырып, жұмыстың жүйелі жүруіне оң әсер етері анық. Әріптесіміз жаңа жауапты қызметінде де жемісті еңбек етіп, «Хабар» телеарнасын биік белестерге шығаруға өзіндік үлес қосады деп сенеміз», деп жазды Кемелбек Ойшыбаев. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15