Технология • 14 Желтоқсан, 2023

Рөлде ұйықтап кетпеуге көмектесетін көзілдірік. Алматылық оқушы өнертабысын көрсетті

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының тұрғыны 15 жастағы Ернұр Тұрғанбай көлік жүргізушілеріне арналған ерекше көзілдірік жасап шығарды. Эксперименттік өнертабыс рөлдегі адамның жай-күйін анықтап, ұйықтап кетпеуіне көмектеседі, деп жазады Egemen.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Рөлде ұйықтап кетпеуге көмектесетін көзілдірік. Алматылық оқушы өнертабысын көрсетті

Ернұрдың идеясын жүзеге асыруға, эксперименттік модель жасауға робототехника үйірмесінің жетекшісі, ұстазы Дәулетияр Бақытәлі қолғабыс еткен. 

Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының оныншы сынып оқушысы көзілдірік инфрақызыл сенсормен жабдықталғанын, жоба жолда қауіпсіздікті сақтауға бағытталғанын айтты.

«Көзілдіріктің жақтауына инфрақызыл сенсор орнатылған. Арнайы ұсақ құрылғы жүргізушінің жағдайын үнемі қадағалап отырады. Көзілдірік шаршау мен ұйқыға кету белгілерін анықтай алады. Егер жүргізушіде осындай белгілер байқалса, көзілдіріктің өзі дабылды ескерту жасайды», деді жас өнертапқыш.

Ернұр құрастырған бірегей көзілдірігіне басқа да функциялар орнатып, толықтырып жатыр. Ол көзілдірік нарыққа түссе жүргізушілердің көлік айдауын жеңілдетіп, жол апатының алдын алатынына сенімді екенін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15