Туризм • 27 Желтоқсан, 2023

Түркістан қаласы Түркі елдерінің туристік астанасы атанды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Әзербайжанда өткен «Шамахи – Түркі әлемінің туризм астанасы 2023» іс-шарасының жабылу рәсімінде Түркістан қаласына Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атағы берілді. Ресми мәртебені алу салтанатына өңірден арнайы делегация қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласы Түркі елдерінің туристік астанасы атанды

Фото: gov.kz

«Біз үшін тарихи әрі қуанышты сәт. Бұл шешім түркітілдес елдердің туризм бағытындағы қарым-қатынасын нығайтуға айрықша серпін береді. Түркістан облысындағы тарихи-танымдық туризмнен бөлек, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм бағытымен сіздерді танысуға шақырамыз», деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысы Ерлан Күзембаев.

Еске салсақ, Түркі Мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің биыл қазан айында Түркістанда өткен VIII отырысында Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы ретінде белгіленген.

Айта кетсек, Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) тарапынан Әзербайжанның Шамахи қаласы 2023 жылы түркі әлемінің туризм астанасы болып, көптеген игі бастамаларды іске асырған. Аталған ресми мәртебе биыл Түркістан қаласына тиесілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25