Спорт • 14 Қаңтар, 2024

Нысана көздеуден Азия чемпионаты: Қоржын қос алтын, қос қола медальмен толықты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтардың 5-18 күндері аралығында Индонезия астанасы Джакартада нысана көздеуден өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатының кезекті күнінде 4  жүлде бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz @qaz_olympics баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нысана көздеуден Азия чемпионаты: Қоржын қос алтын, қос қола медальмен толықты

Фото: @qaz_olympics

Винтовкамен 50 метрлік қашықтықтан жатып ату сайысында Арина Алтухова, Элизавета Безрукова, Александра Леден жасақталған құрама қарсылас шақ келтірмеді.

Дәл осы сайыстың жеке бәсекесінде Арина Алтухова 626,8 ұпаймен чемпион атанып, алтыннан алқа тақты.

Ал Александра Ле 618,4 ұпаймен қола жүлде алды.

25 метрлік қашықтықтан стандартты тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин 568 ұпаймен қоржынға кезекті қола медаль салды.

Әзірше Қазақстан қоржынында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола бар.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше