Қоғам • 16 Қаңтар, 2024

«Жәнібектің әкесі болуы мүмкін». ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды

3843 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жанның (Жәнібектің) әкесі болуы мүмкін деп ДНҚ сараптамасын тапсырған азаматтың қорытындысы шықты, деп жазады Egemen.kz.

«Жәнібектің әкесі болуы мүмкін». ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды

Фото: Матрица

Белгілі тележүргізуші, журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында сараптама нәтижесін жариялады.

«Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін деп ДНҚ анализ тапсырған Бауыржанның нәтижесі 0 пайыз шықты», деп жазды ол.

«Бармысың, бауырым» хабарының жүргізушісі анализ тапсырамын дегендердің лабораторияға арнайы бармай-ақ, хабардың редакторына хабарласу арқылы мәселені құпия түрде шешуге болатынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30