Президент • 18 Қаңтар, 2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды

Ақорданың ресми арнасының жазуынша, Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50

Белсенді белес басталды

Референдум • Бүгін, 09:35