Қоғам • 30 Наурыз, 2024

Жағдай тұрақталғанша тұрғындардың басы-қасында боламыз – депутат

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қазыбек Әлішев пен Мақсат Толықбай Ақтөбе облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жағдай тұрақталғанша тұрғындардың басы-қасында боламыз – депутат

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясы тарапынан қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Дәрі-дәрмек, жаңа төсек-орын барлығы жеткілікті. Жағдай тұрақталғанша тұрғындардың басы-қасында боламыз», деді Мақсат Толықбай.

Аманат партиясы

Аталған партияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қобда ауылында 237 үй су астында қалды. Зардап шеккен тұрғындар эвакуациялау орталықтарына орналастырылып, ыстық тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр. Жапа шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетіліп, су тасқынының алдын алу шараларын күшейту жолдары қарастырылады.

Мәжіліс депутаттарының іссапары жалғасады. Бүгін олар Темір және Мұғалжар ауданындағы суға кеткен ауылдарға жолға шықты.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025