Экономика • 02 Сәуір, 2024

Қазақстанда жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі өзгерді. Айлық азайып кетпей ме?

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың 19 наурыз күні қабылданған бұйрыққа сай елімізде жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі өзгеретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі өзгерді. Айлық азайып кетпей ме?

Фото: Ашық дереккөзден

Жұмыс уақытының көлемі жалақыны есептеуге әсер етеді.

«Жұмыс уақытының көлемі қызметкердің орташа жалақысы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын төлеуден басқа, орташа сағаттық жалақыны жұмыс уақытының орташа тәуліктік санына және жұмыстың күнтізбелік күндерінің санына көбейту арқылы есептелмек. Сондай-ақ ережелерде жұмыс берушінің актісінде орташа жалақыны есептеудің басқа тәртібі қарастырылуы мүмкін», делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өзгеріс қызметкердің жағдайына кері әсерін тигізбеу керек екенін ескертіп, бұйрық осы жылдың 12 сәуірінен бастап қолданысқа енетінін мәлімдеді.