Саясат • 04 Сәуір, 2024

Қауіпсіздік мәселесі талқыланған жиын

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан тарапының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының он тоғызыншы кездесуі өтті.

Қауіпсіздік мәселесі талқыланған жиын

Іс-шараға Қазақстан Респуб­ликасы Қауіпсіздік кеңесінің Хат­шысы Ғизат Нұрдәулетов, Үнді­стан Республикасы Премьер-ми­нистрінің Ұлттық қауіпсіздік жө­нін­дегі кеңесшісі Аджит Довал, Иран Ислам Республикасының Ұлт­тық қауіпсіздік жөніндегі жоға­ры кеңесінің Хатшысы Али Акбар Ахмадиан Бабаки, Қытай Халық Республикасы Мем­ле­кеттік кеңесінің мүшесі, Қоғам­дық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун, Қырғыз Республикасы Қауіп­сіздік кеңесінің Хатшысы Марат Иманқұлов, Пәкстан Ислам Республикасы Премьер-министрі­нің кеңсесі жанындағы Ұлттық қауіпсіздік бөлімінің хатшысы Вакар Ахмад, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы Николай Патрушев, Тәжікстан Рес­публикасы Қауіп­сіздік кеңе­сінің Хатшысы Нас­рул­ло Мах­муд­зода, Өзбекстан Респуб­лика­сы Президентінің жанындағы Қауіп­сіздік кеңесінің Хатшысы Виктор Махмудов қатысты.

Шанхай ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органдарынан отырысқа ШЫҰ-ның Бас хатшысы Чжан Мин және ШЫҰ-ның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының (ӨТҚҚ) Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев, ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович және Моңғолия Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы Бямбажаргал Алтангэрэл қатысты.

Делегация басшылары ШЫҰ-ға толыққанды мүше болған Иранға, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға кіретін Беларуське қолдау білдірді.

Қауіпсіздік кеңестерінің хат­шы­лары терроризм, сепаратизм мен экстремизм, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық ақпа­раттық қауіпсіздік саласы бойынша ынтымақтастық тетіктерін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар тер­­ро­ризмнің барлық түрі мен оның бел­гілерін қатаң айыптап, осы зұ­лым­дыққа қарсы күресте халық­ара­лық қоғамдастықты жаһан­дық ық­пал­дастықты нығайтуға шақырды.

Лаңкестік, сепаратизм мен экстремизм сипатындағы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қи­мылды, лаң­кестік мақсатта қол­да­ныла­тын трансұлттық ұйым­дас­қан қыл­мысқа қарсы күресті, соның ішінде заңсыз көші-қон ар­на­ларының жолын кесу жөнін­дегі ын­ты­мақтастықты одан әрі же­тіл­діру қажет екені атап өтілді. Қауіп­сіздік кеңес­терінің хатшы­лары өңірлік қауіп­сіздік пен тұрақ­тылықты бірле­сіп қамтама­сыз етуге баса мән береті­нін растады. ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он тоғызыншы кездесуінің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіп­сіздік кеңестері хатшы­лары­ның келесі кезекті кездесуі 2025 жылы Қытай Халық Респуб­ликасында өтеді.

Жиын аясында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңе­сінің Хатшысы ШЫҰ-ның Бас хатшысымен, сондай-ақ Үндістан, Иран, Қытай, Моңғолия делега­циялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.