Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Құлсары қаласында егіз ұл өмірге келді

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жем өзенінің тасқын суы басқан Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құлсары қаласында егіз ұл өмірге келді

Атырау облысы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, нәрестелердің анасы Құлсары қаласындағы орталық ауруханасында босанған. Алайда, нәрестелер қауіпсіздік үшін жедел жәрдем көлігімен Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Егіз ұл – жас отбасының төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы – 52 см. Екеуінің салмағы бірдей емес. Біреуінің салмағы – 3500, екіншісінің салмағы – 3350 грамм», деп хабарлады облыстық әкімдіктен.