Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Атырау облысында кейбір бөгеттер алынып тасталды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, 1994 жылғы су тасқынынан кейінгі 30 жылда өзендердегі су азайып, түп тереңдету жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген.

Атырау облысында кейбір бөгеттер алынып тасталды

«Бөгеттер нығайтылмаған, жағалаудың кейбір тұсында мүлдем алынып тасталған. Судан қорғау аймағынан ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін жер телімдері берілген. Өзен арналары тазартылмады. Бұл жұмыстардың барлығын өңірге тасқын су келгенге дейін атқаруымыз керек еді», деді Серік Шәпкенов.

Оның пікірінше, табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялаудың бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, су тасқынына тиімді дайындықты ұйымдастыру. Екіншіден, қажетті техника мен жабдықтар тарту, үшіншіден ғылыми зерттеулер жүргізу, өңірдегі өзен жағалауларын нығайту мақсатында жарияланған.

«Егер су тасқынынан облыс тұрғындарының өміріне нақты қауіп төнер болса, біз бұл туралы алдын ала хабарлаймыз», деп мәлім етті Серік Шәпкенов.