Шаруашылық • 08 Сәуір, 2024

Қант қызылшасын егу басталды

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Қазақ­стандағы қант қызылшасын өндіру және қайта өңдеу мәселелері талқыланды.

Қант қызылшасын егу басталды

2024 жылы Қазақстанда қызылшадан 75 мың тоннаға жуық қант өндіріледі деп күтілуде. Импорттық құрақ шикізатынан қайта өңдеу үшін үшінші елдерден шикізатты бажсыз әкелуге 300 мың тонна көлемінде квота қолданыста. Сондай-ақ ЕАЭО елдерімен Қазақстанға 270 мың тонна қант жеткізу келісілген.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, қызылшаның ең көп көлемі Жамбыл, Жетісу және Алматы облыстарында егіледі.

Жамбыл облысында 400 га алқапқа қант қызылшасын егу жұмыстары басталды, жаппай егу 1-20 мамыр аралығында жүргізіледі.

«Қызылша егетін өңірлердің әкімдіктері фермерлердің тұ­қым­­мен толық қамтамасыз етіл­генін мәлімдеді. Техника 88%-ға да­йын. Жаппай егіс жұмыс­тарының бас­талуына дейін 100% дайын болады деп күтілуде», деп баяндады вице-министр.

Қазақстанда қант қызылша­сының жалпы өнімі өсуде. 2023 жылы бұл көрсеткіш 67,2% құрап, 2022 жылғы 305,3 мың тоннадан 510 мың тоннаға дейін өсті. 2023 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін қант зауыттары қызылшадан 60 мың тоннаға жуық қант өндірді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп, ал шикі құрақтан 155 мың тонна қант (2022 жылға қарай 38%-ға аз).

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағ­дай бойынша зауыттардағы қант қоры 33,5 мың тоннаны құрайды (20,5 мың тонна құрақ қант, 13 мың тонна қызылша қанты). Оған қоса 3 мың тонна көлемінде өңдеуге арналған шикізат бар.

Кеңесте Серік Жұманғарин үш өңір басшыларының егіске дайындығы мен қызылша егетін алқаптарды ұлғайту мүмкін­діктері туралы есебін тыңдады.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігіне қызылша егетін өңірлермен бірлесе қазіргі жағдайды ескере отырып, егіс жоспарларын пысықтауды тапсырды.