Үкімет • 09 Сәуір, 2024

Көмек көрсетуге шақырды

90 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс және жол-құрылыс компаниялары өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.

Көмек көрсетуге шақырды

Фото: mtrk.kz

Кеңес барысында Роман Скляр бизнес өкілдерінің назарын ауыл тұрғындарының өміріне, өңірдегі әлеу­меттік және стратегиялық нысан­дарға төнген қауіптің алдын алу мақ­сатында су тасқынына қарсы жұмыс­тарды ұйымдастыру үшін шұғыл түрде бірлесе әрекет етіп, қолда бар барлық күш пен арнайы техниканы жұмылдыру қажет екенін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің мәліметінше, облыс әкімдігі тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандар салып жатқан өңірлік жол және құрылыс компанияларын су тасқынына қарсы жұмыстарға тартты. Оның сөзінше, кәсіпкерлер техникадан бөлек, қажет болған жағдайда арнайы техниканы резервтегі ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге ниет білдірген.

Роман Скляр компания басшы­лары­на техника мен адам күш­терін тартудан бөлек, өздерінің де объекті­лердегі бақылау және үйлестіру жұмыстарының басы-қасында болуын тапсырды.

Кеңес қорытындысында вице-премьер Үкімет басшысы мен оның орынбасарлары су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру үшін өңірлерде жүргенін және жағдайды Президент жеке бақылауында ұстап отырғанын еске салды.

«Қазір қаланы қорғау керек. Алдағы күндері осы міндетті ойдағыдай ат­қар­ғаннан кейін, көмек қажет болып жатқан өңірлерге, аудандарға ауы­са­мыз. Сол себепті бәріміз жұ­мылып, су тасқынына қарсы жұ­мы­с­тарға дереу кірісуіміз қажет. Баяу және ретсіз жұмыс істеуге болмайды.  Барлық жұмысты орындауға үш күніміз ғана бар»,  деді Р.Скляр.

Сонымен қатар Премьер-министр­дің бірінші орынбасары өңірдегі ин­женерлік инфрақұрылымның су тас­қынына дайындығын тексеру ма­қ­сатында Петропавл қаласының ма­ңын­дағы бірнеше ауылдарды тексеру үшін түнгі рейд жүргізді. Рейд барысын­да Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бө­гет­терді нығайту жұмыстарының барысы тексерілді.

Роман Скляр мердігер компа­ния­ларға бөгеттерді нығайту үшін тех­ника көлемін арттыруды тапсырып, уақыт тығыз екенін еске салды.

«Санаулы күн қалды, белсенді жұмыс істеу керек. Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет. Судың көтерілу кезеңінде біз ағымдағы жағдайға жауап беретін мобильді топтар құрамыз», деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.