Қоғам • 10 Сәуір, 2024

Су тасқыны салдарынан жолдар қайта жабылып жатыр

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның төрт облысында республикалық тас жолдардың сегіз учаскесін еріген су басты. Сондай-ақ еліміздің алты облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін, 10 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Су тасқыны салдарынан жолдар қайта жабылып жатыр

фото: t.me/qazavtojol

«2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыстағы (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде су тасқыны болды», делінген ведомство хабарламасында. 

Сонымен қатар 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында (ұзындығы 626 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмыс істеп жатыр.