Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

Мәжіліс депутаты тасқын салдарынан көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтты

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданында су тасқыны қаупі сейілді, десе де судың беті әлі қайтпай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты тасқын салдарынан көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтты

Фото: atr.kz

Аудан тұрғындары осымен алтыншы күн қатарынан қарғын сумен күресіп жатыр. Осы тұста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов жергілікті тұрғындардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, желіде жазба қалдырды. 

«Су тасқынының қаупі сейілгенімен, судың беті қайтпай халықты әбігерге салып жатыр. Жылыой ауданында тасқын судан қаза болған 2 адамның денесі табылды. Тағы әкелі-балалы 2 адам іздестіріліп жатыр. Баспанасына су кіріп, шарасыз күйде жүрген құлсарылықтар үшін бұл өте ауыр жағдай», деп жазды депутат.

Әділ Жұбанов су тасқыны салдарынан қаза тапқан азаматтардың жақындарына көңіл айтты.

«Тасқын судың салдарынан қаза тапқандардың иманы саламат болсын! Отбасылары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Қиын сәтте ел болып қолдау танытып, су тасқынының қаупі сейілсін, тезірек баспаналарына оралсын деп тілейміз! Біз Мәжіліс қабырғасында зардап шеккен әр отбасыға барлық қажетті көмектің көрсетілуін, келтірілген әрбір шығынның өтелуін талап етіп, бақылауда ұстаймыз. Құлсарылықтарға Алла амандығын берсін!», делінген жазбада.