Президент • 15 Сәуір, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Парламентінің Төрағасымен кездесті

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Еревандағы Парламент ғимаратында Армения Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Ален Симонянмен кездесу өткізді. Кездесуде екі елдің заң шығарушы органдарының ынтымақтастығы мен мәдени-гуманитарлық саладағы келісімді нығайту мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Парламентінің Төрағасымен кездесті

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Еревандағы Парламент ғимаратында Армения Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Ален Симонянмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Армения мен Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнағанын және екі елді ортақ тарих пен ежелгі мәдени байланыстар біріктіретінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Премьер-министр Никол Пашинянмен жүргізілген келіссөздер барысында сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика салаларында маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілген. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісімдерді заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету, олардың жүзеге асырылуына парламенттер тарапынан бақылауды күшейту мәселесіне айрықша мән беру қажет екеніне назар аударды.

дд

Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде өзінің бастамасымен ауқымды саяси жаңғыру үдерісі жүргізіліп жатқанын, онда парламентаризмді дамытуға ерекше басымдық берілгенін айтты.

Қазақстан Президенті заң шығару органдары деңгейіндегі белсенді ықпалдастыққа көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ екі елдің осынау маңызды бағыттағы қатынастарын дамытуды тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін Ұлттық жиналыс Төрағасына ризашылық білдірді.

Сондай-ақ кездесуде Ален Симонян екі елдің парламентаралық платформалардағы ықпалдастығының маңызына ерекше назар аударды.

Армения мен Қазақстан арасындағы көпжақты және екіжақты форматтағы өзара ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан мен Армения аймақтары арасындағы байланыстарды нығайту перспективалары қарастырылды.