Аймақтар • 16 Сәуір, 2024

Түркістан облысында қызғалдық жұлған бойжеткен жауапқа тартылады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында қызғалдақты жұлып, суретке түскен 22 жастағы қыз жауапқа тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында қызғалдық жұлған бойжеткен жауапқа тартылады

Полиция қызметкерлері «грейг» қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды әлеуметтік желілер арқылы анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жүктеген.

Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді. Қазір барлық жағдай анықталып жатыр.

«Түркістан облысының полициясы «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.