Қоғам • 18 Сәуір, 2024

Орманшы еңбегін бағалау – уақыт талабы

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық және өңірлік филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және үстемеақы төлеу мәселелерін талқылады.

Орманшы еңбегін бағалау – уақыт талабы

Сенат депутаты Ольга Булавкина орман шаруашылығы қызметкерлеріне төленетін еңбекақы республика бойынша ең төмен екенін атап өтті. Қостанай облысындағы орман өрті мен Абай облысындағы қайғылы оқиғаға ұласқан эколо­гиялық апаттар орман шаруа­шы­лығы қызметкерлерінің жұ­мы­сы мен еңбекақы мөлшері сәйкес еместігін және әлеуметтік шиеленіс туу қаупін ашып көрсетті.

«Орман өртінің жиілеп кетуі, орманды заңсыз кесу, браконьерлік, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыстың жиналуы, қоршаған ортаның ластануы, соның нәтижесінде сирек кездесетін өсімдік түрлері мен табиғи ресурстардың жойылуы ел экономикасына орасан зор залал келтіріп қана қоймай, әрбір тұрғынның әл-ауқатына да әсер етеді. Мәселе өртке қарсы профилактикалық жұмыстарды нашар ұйымдастыру мен орман өртіне уақтылы әрекет етпеуден туындайды. Материалдық-техникалық базаның аздығы, орман саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайының талапқа сай болмауы, осы сала қызмет­керлерінің жалақысы мен әлеуметтік қолдау деңгейінің төмендігі, сондай-ақ кадрлардың жетіспеушілігі теріс әсер етеді», деді О.Булавкина.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі коми­тетінің өкілі өз кезегінде бұл мәсе­лені шешу мақсатында Эко­логия министрлігі Орман шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағымен бірлесіп, бюджет қаржысы мен ақылы қызметтерді үнемдеу есебінен табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс жұмысшылары мен штатқа кіретін әкімшілік қызметшілердің жалақысын ұлғайту мүмкіндігін көздейтін келісім жасасқанын атап өтті.