Қоғам • 18 Сәуір, 2024

Жылыойда тұрғын үй мен ғимараттарды су басты

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 сәуірге қараған түні Атырау облысының Жылыой ауданында тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жылыойда тұрғын үй мен ғимараттарды су басты

фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жылыой ауданындағы Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басқан. Қазір су басқан тұрғын үйлердің суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жылыой ауданында су тасқынының салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі», делінген ведомство хабарламасында.