Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Елдің үш өңірінде экстримизмге қатысы бар күдіктілер ұсталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстримизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады. Тергеу амалдарыжргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің үш өңірінде экстримизмге қатысы бар күдіктілер ұсталды

фото: ҰҚК

Ақпаратқа сәйкес, күдікті деп танылған төрт Қазақстан азаматы Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында ұсталған. Күдіктілерді қамауға алу операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер минситрлігімен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен жүзеге асырды.

«Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деген күдікке ілінді», делінген ҰҚК ақпаратында.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жұмыстары барысында тыйым салынған діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылған.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған», делінген хабарламада.

Қазір ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03