Қоғам • 23 Сәуір, 2024

Былтыр 50 жастан асқан аналар 96 баланы дүниеге әкелген

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы Қазақстандағы туу көрсеткіші туралы деректерді жариялады. Былтыр елімізде 388 428 бала дүниеге келген. Оның ішінде 51,6% – ұлдар, 48,4% – қыздар, деп жазады Egemen.kz.

Былтыр 50 жастан асқан аналар 96 баланы дүниеге әкелген

Фото: opennews.kz

Өткен жылғы туу көрсеткіші 2022 жылғы дерекпен салыстырғанда төмен. 

аа

2023 жылы бала туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 19,52 құраған.

Өткен жылы туу көрсеткіші ең жоғары өңірлер арасында Маңғыстау облысы көш бастады (1 000 тұрғынға 26,74 адам). Түркістан облысы екінші орында (1 000 тұрғынға 26,18 адам). Үздік үштікті Шымкент қаласы түйіндеді (1 000 тұрғынға 25,70 адам) .

Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі – 29%, 30-34 жас аралығы әйелдердің үлесі – 26%. 20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге әкелген.

Сондай-ақ былтыр 4 075 егіз өмір есігін ашқан (2022 ж. – 4 063). Үшемдер – 48 (2022 ж. – 50), төртем – 1.