Қоғам • 24 Сәуір, 2024

Су тасқыны: тағы бірнеше жол учаскесі жабылды

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде су тасқыны болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны: тағы бірнеше жол учаскесі жабылды

Фото: Павел Львов

Нақты айтқанда, СҚО және Қостанай облысындағы 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды.

Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы 463 км) қозғалыс шектелді.

Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмыс істеп жүр.