Технология • 25 Сәуір, 2024

Семейлік өнертапқыш денсаулыққа пайдалы құрылғы жасап шығарды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

QEFO өнімінің басты ерекшелігі – QR коды, оны кез-келген смартфонның камерасы оңай сканерлеп, пайдаланушыға оның иесі туралы ақпарат береді, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейлік өнертапқыш денсаулыққа пайдалы құрылғы жасап шығарды

Фото: Видеоскрин

Видеоскрин

Абай облысының әкімдігі ұсынған ақпаратқа қарағанда, медициналық идентификатордың арқасында дәрігерлер науқас туралы қажетті ақпаратты бірнеше секундта біле алады.

Жас өнертапқыш Нұрлыхан Маратов бұл құрылғы егде жастағылар, спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пайдалы деп санайды.

Мектеп оқушысының айтуынша, ID құрылғы ағзаға зиянсыз, өйткені ол гипоаллергенді силикон мен нейлоннан жасалған.