Спорт • 29 Сәуір, 2024

Ұландықтар әлем чемпионы атанды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы айдың 24-28 күндері Мерсин провинциясындағы Ердемли қаласында (Түркия) ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері унифайттан ересектер мен жастар арасында  өткен Әлем Кубогіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұландықтар әлем чемпионы атанды

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Хорватия, Швейцария, Нидерланды, Солтүстік Македония, Италия, Израиль, Венгрия, тағы басқа елдердің спортшылары қатысқан жарыста 75 кг салмақ дәрежесінде 6655 (Ақтөбе қаласы) әскери бөлімінің офицері лейтенант Әзімжон Кубонбоев алтын медаль жеңіп алды, ал 65 кг салмақ бойынша 6506 (Шымкент қаласы) бөлімінің әскери қызметшісі майор Алкен Төлегенов 1 орын тұғырынан көрінді.

«Қарсыластар тыңғылықты дайындықпен келген кілең мықты спортшылар болды. Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сапарбекұлы Сәденовке және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Советбекұлы Ботақановқа еліміздің атынан халықаралық деңгейде өкілдік етуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді», деді Алкен Төлегенов.