Қоғам • 29 Сәуір, 2024

Қазақстанда автожол сапасын бақылайтын жоба іске қосылды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бастамасы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары сапасын тексеру бойынша кең ауқымды «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды. Аталған жоба қоғамның еліміздегі жол нысандары сапасын арттыруға белсенді қатысуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда автожол сапасын бақылайтын жоба іске қосылды

Фото: newsroom.kz

Бұл – салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша еліміздің әрбір азаматын қоғамдық бақылауға шақыруды мақсат тұтқан жоба. Анықталған кемшіліктерге және мәселелерге ден қоятын Көлік министрлігі оларды қысқа мерзімде шешуді көздейді.

«Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек. Тіркеу кезінде аты-жөнін, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұрғылықты елді мекен мен облысты көрсету қажет», делінген хабарламада.

Нысандарды аралау кестесін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ www.qaj.kz ресми сайты арқылы көруге болады.

«Халықтық бақылау» жобасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын барлық жол қозғалысына қатысушы үшін қауіпсіз әрі сапалы етуге арналған.