Үкімет • 30 Сәуір, 2024

Күн тәртібі нақтыланды

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Палата бюросын өткізіп, депутаттар 2 мамыр күнгі Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Күн тәртібі нақтыланды

Бейсенбідегі отырыста Қызылор­да облысынан жаңадан сайлан­ған Парламент Сенаты депутаты­ның ант беруі және оны тұрақты ко­митетке мүше етіп сайлау мәселелері қаралады.

Сонымен қатар сенаторлар «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау сала­сындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Хаттама транзит көлемдерін, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңартуды, сон­д­ай-ақ Келісімді он жылдық кезең­ге 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзар­туды көздейді. Сондай-ақ құжатта келі­сімді жүзеге асыратын құзырлы органды анықтауға қатысты өзгеріс­тер енгізілген: Қазақстан жағы­нан – бұл Энергетика министрлігі, Ресей жағынан уәкілетті ұйым – «Роснефть» мұнай компаниясы.

Сондай-ақ Палата отыры­сында «Қазақстан Республи­касы­­ның кей­бір заңнамалық акті­­леріне бай­ланыс, цифрлан­дыру, инвести­ция­лық ахуалды жақсарту және артық заң­на­малық регламенттеуді болғыз­бау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл заң ком­муникациялық инфра­құры­лымды дамытуға, перспективалы телекоммуникациялар мен цифрлық технологияларды тарту үшін қолайлы заңнама­лық жағдайлар жасауға және инновациялық экожүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Одан бөлек, бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң­дар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.