Қоғам • 02 Мамыр, 2024

Қаламгердің Анкарадағы мерейтойы

29 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Анкара қаласында көр­нек­ті жазушы, бала­лар әде­биетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы шымылдық ашқаны туралы Алматы облысы әкі­мі­­нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаламгердің Анкарадағы мерейтойы

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың қолдауымен өткен ауқымды іс-шара конференциядан бастау алды. Конференция барысында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы екі елдің мәдени қарым-қаты­насын дамыту деңгейі артқанын атап айтты. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов әдеби мұраны бауырлас мемлекеттерде дәріп­теу­дің маңызына тоқталды.

Жиында сөз алған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым ұйым­дастырушыларға алғыс айтып, өңір басшысы Марат Елеусіз­ұлының жылы лебізін жеткізді.

см

«Екі елдің арасында мәдени ынты­мақтастықты дамыту мақ­­­са­тында ТҮРКСОЙ ха­лық­­ара­­­-лық ұйымымен бір­лескен жұ­мыс жоспары жасал­ған. Со­ның аясында қазақ әдебиетінің клас­сигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы халық­ара­лық деңгейде аталуда. Аталған ұйым­ның қол­дауымен маңызды ха­лық­ара­лық жоба қолға алы­­нып отыр. Ол – Бердібек Соқ­­пақ­баевтың «Өлгендер қай­тып кел­мейді» ро­ма­­нының жа­зыл­ға­нына 40 жыл то­луына бай­ла­ныс­ты, тама­ша туын­ды түрік тіліне аударылды. Осы іспеттес игі іс-шара­лар­­дың басынан та­был­ған әрбір аза­матқа алғыс білді­ре­мін», деді облыс әкімінің бірін­ші орынбасары Нұрлан Ерға­лиұлы.

Мерейтой аясында халқы­мыз­дың руханиятына өшпес мұра қалдырған жазушының жеке заттары, кітаптары мен экс­понаттар қойылған көш­пелі көр­ме ұйымдастырылды. Көр­ме­де Кеген аудандық тарихи-өлке­тану музейінің негізгі қо­рында сақталған Бер­ді­бек Соқпақбаевтың қол­шатыры, саға­ты, отбасылық суреттері және тағы басқа да заттары көп­шілік назарына ұсынылды.

Түркияның төрінде өткен мә­де­ни-әдеби іс-шарада Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты, дәулескер күй­­ші-компо­зи­­тор Секен Тұ­рыс­бектің же­тек­­ші­лі­гі­мен «Ақ­жауын» каме­ра­лық ор­кес­трі өнер көр­сетті. Кон­церт­те қазақ ком­пози­тор­ла­ры­ның туын­­­­дылары­мен қатар, түрік елі­нің әуезді әндері орындалды.

Түрік жұрты қарымды қалам­гер­дің шығармаларымен танысып, күй тыңдап, қазақтың музыка өнерін тамашалады.

 

Алматы облысы