Аймақтар • 04 Мамыр, 2024

Оқушылардың ғарыш әлемі

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушы­лары ғарыштық зерттеулер бағытындағы халықаралық
са­йыста жүлде алды. Жас өнертапқыштар жасаған «Атлас» аппаратына қазылар алқасы ерекше қызығыпты.

Оқушылардың ғарыш әлемі

«Ғылым әлемін ашамыз» деп аталатын жобалар сайысы сәуір айының соңғы күндері Астана қаласында өткен еді. Байқауға ал­дын ала іріктеуден өткен 94 оқу­шы­ қатысып, бақ сынаған.

Оралдағы зияткерлік мек­теп­тің 11-сынып оқушылары Махамбет Өтепқали мен Нұр­сұлтан Зинуллин «Күн жүйесі» сек­циясы бойынша сайыста 2-орынға ие болды. Ал 9-сынып оқушысы Қайдар Молдаш «Ғарыштық ақпараттық техникалар және модельдеу» бағытында 2-орынды иемденді. Жас өнер­тап­қыштарды ұстаздары Өмір­ғали Молдашев, Эльмира Муса­ғалиева, Медет Бисе­кенов баулыған екен.

см

– Мен ғарышкерлерге түр­лі­ жат­тығу жасатып, зерттеу жүр­­­гізетін қондырғы жасадым. Бұл қон­дырғы ғарышкерлердің кез келген жағдайда өзін жайлы сезінуін, түрлі сәтте өз реакция­сын қалпында ұстауын қамта­масыз етеді, – дейді жас өнер­тап­қыш Қайдар.

Ал Махамбет пен Нұрсұл­тан­ның жұмысы – «Атлас» ғарыштық зерттеу аппараты деп аталады. Бұл жоба планетааралық кеңістікті, олардың табиғи серік­терін зерттеу­ге арналған екен. Сондай-ақ бұл аппарат ға­рыш кеңістігінде түрлі физика­лық, химия-биология­лық тәжіри­бе­ жүргізе алады. Жобаның бор­тындағы түрлі зерттеу құ­рыл­ғысы, жасанды интеллект қондырғысы және алуан­ жасуша салынған капсулалар қазылар алқасының айрықша қызығушылығын тудырыпты.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024