Ауа райы • 10 Мамыр, 2024

10 мамыр күні ел аумағында ауа райы қандай болады?

116 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райы бұзылатынын мәлімдеп, ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 мамыр күні ел аумағында ауа райы қандай болады?

Күндіз Алматы облысының батысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысы, орталығы мен таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с жетеді. Қонаев қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында кей уақыттарда найзағай, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел тұрады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Абай облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз БҚО-да жел оңтүстік-батыс пен батыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Өңірдің батысы, оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, аймақтың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с жетеді. Петропавлда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда – 23 м/с .

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Аймақтың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада кей уақыттарда найзағай, бұршақ жауады.

Ақмола облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыс пен солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Аймақтың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың батысы мен солтүсігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңір орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, аймақтың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Өңірдің оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Таразда кей уақыттарда найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.