Білім • 14 Мамыр, 2024

ҚазҰПУ ғалымдары Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сонгдодағы Инчхон ұлттық университетінің құрметті профессоры, 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазҰПУ ғалымдары Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті

Кездесуде профессор Рае Квон Чунг Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты ақпаратпен бөлісіп, жаңа технологиялар нарығының қарқынды дамып жатқанын ескере отырып, студенттерді өз бетінше ізденуге, кәсіби дағдыларды дамытуға және білімдерін үнемі жаңартып отыруға шақырды.

Ректор Болат Тілеп бұл кездесудің университет үшін ғылыми-педагогикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтіп, кореялық ғалымға Абай атындағы ҚазҰПУ жетістіктерін таныстырды. Жаңа формациядағы педагог кадрларды даярлауда халықаралық тәжірибеге тоқталды. Ректордың айтуынша, мұндай кездесулер серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, Қазақстандағы білім мен ғылымның көкжиегін кеңейтеді. Көптеген зерттеулерде жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту білім сапасына оң әсер ететінін көрсетеді. Шетелдік профессорлардың білімі мен тәжірибесі оқу үдерісін байытып, мәдениетаралық түсіністікті дамытуға және студенттерді халықаралық кеңістікте білім алып, жұмыс істеуге дайындайды. Мұндай қадам жаһандық еңбек нарығы мен академиялық қоғамдастықтың талаптарына неғұрлым дайын болуға ықпал етеді.

Кездесу барысында ғылым және білім саласында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Жасыл экономиканың тұрақты дамуы мен экологиялық білімге ерекше көңіл бөлінді. Бұл университет студенттері үшін жаңа көкжиектерді бағындырып, озық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, әлемдік тәжірибені игеруге мол мүмкіндік береді.

АЛМАТЫ