Заң • 15 Мамыр, 2024

Көлікті техникалық тексеруден өткізетін орталықтарға талап күшейеді

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда көлікті техникалық байқау рәсімінен өткізуге және оны жүргізетін орталықтарға қойылатын талаптар күшейеді. Бүгін Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ереже мен түзетулерді талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Көлікті техникалық тексеруден өткізетін орталықтарға талап күшейеді

Фото: techosmotrz.kz

Бұдан былай көліктерді техникалық байқаудан өткізумен айналысатын ұйымдардың жұмыс тәртібі хабарлама жіберуден рұқсат беруге ауыстырылады. Енді олар өз қызметін бастаған кезде құжаттар пакетін ұсынуы және тиісті материалдық-техникалық базасы болуы қажет.

Тексеру процедурасының өзіне және оны бақылауға қойылатын талаптарын да арттыру көзделіп отыр.

«Осы өзгерістер техникалық ақаулары бар көліктер де жол қозғалысына жіберіле беретін формальды техникалық байқауларды жою үшін енгізіліп отыр. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғалары, соның ішінде, өлім-жітімнің көбеюі мен пайдаланылған газдардағы зиянды заттар деңгейінің жоғарылауына әкеп соғады. Газбен жүретін көліктер – елдімекендерде аурулар мен улануларға себеп болатын газдың жоғары ластану факторларының бірі», делінген Мәжіліс хабарламасында.