Теннис • 16 Мамыр, 2024

Қазақтың екі теннисшісі Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Португалияда өтіп жатқан Оэйраш челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақтың екі теннисшісі Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі

Фото: ҰОК

Бейбіт Жұқаев екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсоннан басым түсті. Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт 7:5, 7:6 (7:5) есебін өз пайдасына тіркеді.

Ал екінші отандасымыз Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, тағы бір америкалық Эмилио Наваны 7:6 (10:8), 6:0 есебімен қапы қалдырды.

Қос қазақ спортшыларының жолы ширек финалда түйісті. Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев жұбының  жеңгені Оэйраш челленджер турнирінің  жартылай финалына шығады.