Тағайындау • 17 Мамыр, 2024

Маңғыстау облысында ҰҚКД жаңа басшысы тағайындалды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында ҰҚКД жаңа басшысы тағайындалды

Фото:gov.kz

Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының басшысы қызметіне ұлттық қауіпсіздік полковнигі Серік Әміров тағайындалды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі тағайындау осы жылдың 13 мамырында өткенін қоса хабарлады.