Білім • 18 Мамыр, 2024

Колледжде тегін оқуға мүмкіндік молаяды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колледжде тегін оқуға мүмкіндік молая түспек. Өйт­кені техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Колледжде тегін оқуға мүмкіндік молаяды

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Жауапты министр­ліктің хабарлауынша, жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсы­рысының көлемі 60 мың орын­ға көбейеді. Осылайша, мем­лекеттік тапсырыс бойынша қабыл­данған білім алушылар саны 145 мың адамға жетеді.

Осыған орай мәлімдеме жаса­ған Оқу-ағарту министрлігіне қарасты техникалық және кә­сіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов: «Мемлекет басшысының тапсырмасымен сұранысқа ие маман­дықтарға тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджет есебінен 60 мың орынға ұлғайтылды. 2025 жылға қарай жастардың 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім­мен қамтамасыз етіледі», деді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық маман­дықтар бойынша ұлғаяды: геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік т.б. Бүгінде техникалық және кә­сіптік білімді мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетіп отыр.

Айта кетейік, жыл сайын кәсіпорындардың өтінімдері бо­йынша 10 мың талапкер қабыл­­данады. Тапсырыс беруші кәсіп­орындарға практика ұйым­дас­тыру, түлектерді одан әрі жұ­мысқа орналастыру бойынша міндет­темелер беріледі.

Соңғы жаңалықтар