Экология • 22 Мамыр, 2024

Қоқыс кәдеге жараса...

30 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ауа райы Алматыдағы көшет егу ісіне ерекше қарайласып тұр. Әлсін-әлсін құйып өтетін жаңбыр жаңа отырғызылған жасыл желектерді суаруды айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Оның үстіне биылғы тазалық, көгалдандыру жұмыстары айрықша атаулармен өтіп жатыр. Дегенмен биылғы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына атсалысуды өздеріне парыз санаған 400 мыңнан аса адамды ерекше алғыс сезіммен атап өтуге болады. Оның ішінде өз әріптестеріміз де бар.

Қоқыс кәдеге жараса...

Сонымен биылғы «Ал­маты – жалғыз, біз – көппіз» деген ұран­мен көктем айларында толассыз жалғасын тапқан бастамалар «Қоқыс бике» флешмобымен мәреге жетті. Мұнай өнімдерінен өндірілетін қоқыс, яки ауаның ластануының нышаны іспетті «Әуе патшайымындай» «Қоқыс бике Мұнайбайқызының» бей­не­сін қала суретшілері жасап, осы арқылы парықсыз тұты­нудың салд­арына назар ауда­руға тырыс­ты. Флешмоб тұжы­рымдамасы бойынша «Қоқыс би­келер» шеруі орталықтағы Ар­батта аяқталды. Осылайша, тұрғындары эко­логиялық мәселені дер кезінде шешудің маңызы туралы ойларын білдіріп, ерекше арт-жобаны қызықтады.

см

«Біздің қала – біздің мақта­нышымыз» науқаны төртінші аптаға ұласқан тұста «Қоқыстан жасалған үздік арт-объект» бай­қауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталғанын айта кету ләзім. Байқау нәти­жесінде студент Әли Жадықовтың «Лас­танған сана» жобасы қоқыстан жасалған үздік арт-объект деп танылса (1 млн теңге жүлде), екінші орын мүсінші Қуаныш Мұхамеджановқа бұйырды. Ол ескі ұйымдастыру техникасынан «Қара жылқы және қазақ тазысы» атты робот жасаған (жүлдесі – 500 мың теңге). Үшінші орынды жас сәулетші Даниэль Юсуфовтың «Architecton – Anthropocene» атты жұмысы (жүлдесі – 300 мың теңге) иеленді.

Көшелерді тазарту жұмыс­тарымен қоса, науқан барысында қоршаған ортаны қорғау, эко­ло­гиялық құндылықты қа­лып­­тастыруға бағытталған бас­қа да бірқатар іс-шара ұйым­дастырылды. Соның ішінде майдангерлерге, мүгедектер мен жал­ғызілікті зейнеткерлерге қолұшын беруді көздеген «Жа­қы­ныңа жәрдем бер» бас­тамасы жүректерге жылылық ұялатты. Сауапты іс арқылы 992 волонтер бақ пен аула аумағын тазалап, қоршаулар, орындық пен бас­палдақтарды сырлады, 349 кө­мекке мұқтаж адамның үйін­дегі ағашты кесіп, қоқыс шығарды.

«Қоршауыңды/орындығың­ды/сәкіңді боя» акциясы да дер ке­зінде қолға алынған тірлік болса, оған қатысқысы келген ал­матылықтарға 4 240 литр бояу және 590 литр еріткіш тегін таратылды.

ва

Сол сияқты «Мерзімі өткен дәрі-дәрмекті тапсыр – табиғатты сақта» бастамасы 36 қалалық емханада ашылған қабылдау пунктіне 2 815 дана немесе 76 килодан аса пайдалану мерзімі өткен дәрілік препараттарды жи­настырып қана қоймай, оны дұрыс кәдеге жарату мен қор­шаған ортаға зияны туралы ақпарат беру жұмыстары жүрді.

Ең қызығы, қайта өңдеуге болатын 2 300 кг тұрмыстық қалдықты тұрғындар сыйлық купонына айырбастау арқылы қайталама шикізатты кәдеге ж­аратуды ынталандыруға бағыт­талған «Қоқысты тамаққа айырбаста» акциясын жандандырды. Барлығы 11 қабылдау пункті акцияға қатысушыларға 1 867 азық-түлік купонын берді.

Бұған дейін газетімізде жазылғандай, экологиялық мәде­ниетті қалыптастыру мақсатында биыл 3 мамырда Алматыдағы ар­батта техникалық режімде пластикалық бөтелке мен сусын­нан алюминий банкаларды қабылдайтын ең алғашқы фандомат орнатылғанын еске сала кетуге болады.

Ал «Таза қасбеттер» акциясы 1 600-ден аса коммерциялық ұйым – ірі сауда-ойын-са­уық орталықтары, бизнес-ор­талықтар, қонақүйлер, ба­зар­лар, супермаркеттер, дәрі­ха­налар, азық-түлік дүкендерін қам­тып қана қоймай, тазартып өтті.

Қысқасы, Алматыда бір айда 30 мыңдай көшет отырғызылса, бұл Нью-Йорктің әйгілі Ор­талық саябағындағы жасыл желек қо­рынан да көп, ол сая­бақта 25 мыңдай ағаш бар екен.

«Таза таулар: қоқыс жинап, түскі асты тегін ал» бастама­сымен Кіші және Үлкен Алма­ты шатқалдарындағы «Горель­ник» және «Аюсай» визит орта­лық­тарының аумағынан 600 кило қоқыс шығарылды.

Осы арада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қала мектептері мен жоғары оқу орын­дары да белсене қатысып, «GreenTech», «CleanTech» және «ClimateTech» аталымдары бо­йын­ша үздік стартап-жобалар байқауында бақ сынады. Оған қоса 500-ге жуық оқушы «Құстарға ұя сыйлайық» челленджі аясында 1 мыңнан аса ұя жасап, олар мектеп аулаларына, саябақтар мен гүлбақтарға орнатылды.

Комьюнити орталықтарда «Әлеу­меттік шеберхана», «ЭкоСорт: таза қала үшін бірге», «Ба­­тарея тапсыр, табиғатты сақта», «Өмір ағашы: өз ағашыңды отыр­ғыз» жастар акциялары, «Ак­ва­риум», «Таза ойындар», «М­ұ­раны сақтау: ескерткіштерді тазалау», «Мейі­рімге толы ауыл», «1 қап­тама пластик = 1 кило алма», «Жақ­сылық аулалары: ардагер­лер мен мұқ­таждарға көмек» сын­ды сауапты науқандар ұйымдас­тырылды.

 

АЛМАТЫ